Кәсіпкер көпбалалы отбасыға төрт бөлмелі пәтер сыйлады

Ақтөбеде Қонысбай Хамзиннің отбасы төрт бөлмелі пәтерді сыйға алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қонысбай Хамзиннің отбасы «Центр групп» компаниясына пәтер алу кезінде көмек көрсетуін, яғни, жеңілдік беруін сұрады. Он балалы, тағы бір баланың өмірге келуін күтіп жүрген отбасының тұрмысымен танысқан компания төрт бөлмелі баспананы сыйға беруге шешім қабылдаған.

«Жатақханаға барып, тұрмысымен таныстық. Отағасы жұмыс істейді, бірақ бәрі бір бөлмеде тұрады. Бізге олар пәтер алу кезінде жеңілдік сұрады. Компания иелері ақылдасып, сыйға беруді ұйғарды. Адамдар көмек сұрап келеді. Кейбірінің үйін жөндейміз, қайырымдылық шараларын жасаймыз», — деді директор Мұрат Балғазин.

Қала әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, биыл барлығы 7 кәсіпкер баспанаға аса мұқтаж отбасыларға пәтер сыйлаған.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: