Аспаздар мен тігіншілер диплом алды

Ақтөбе сервис колледжі бүгін 214 түлекке диплом берді деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мемлекеттік оқу орнында білім алатын түлектерінің дені жетімдер мен аз қамтылған отбасы балалары. Студенттердің барлығына шәкіртақы төленеді.

«Өндірістік оқу орнында студенттердің білім алуына барлық жағдай жасалған. Жабдықталған тігін шеберханасы мен ас әзірлеу бөлмесі бар. Қаладағы ірі тағам желілері мен тігін шеберханаларында шеберлік сағаттарын өткізеді.

Түлектеріміздің басым бөлігі қазірдің өзінде жұмыспен қамтылды. Көпшілігі осыған дейін тәжірибеде өткен мекемелерге жұмысқа алынатын болды»,- дейді Ақтөбе сервис колледжі кондитер желісінің басшысы Асан Шағыров.

Бүгін диплом алғандардың ішінде 25 аспаз бен 75 тігінші бар. Жас мамандардың жұмыс орны да дайын.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: