Алимент төлемейтін әкелер еңбекке тартылады

Ақтөбеде алимент төлемейтін әкелер үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде алимент төлеуден жалтарып жүрген 10 мыңнан астам борышкер бар. Безбүйрек әкелердің балалары алдындағы берешегі 50 млн теңгеге жеткен. Алимент өндіре алмаған құзырлы мекеме мамандары борышкер әкелерді жұмысқа тартып жатыр.

«Жәрмеңкенің ұйымдастырылатыны туралы борышкерлерге алдын ала телефон арқылы хабарланды. Халықты еңбекпен қамту бөлімінде 30-ға жуық жұмыс беруші 200-ге жуық жұмыс орнын ұсынып жатыр»,-дейді Астана ауданының прокуроры Қанат Самбаев.

Мамандардың айтуынша, өткен жылғы жәрмеңкеде 156 борышкер жұмысқа орналасқан. Ал қалалық жұмыспен қамту бөлімімен бес айда 477 адам жұмысқа орналасқан.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: