Жарты жылдың ішінде Ақтөбенің емдеу мекемелеріне 21,1 млрд теңге аударылды

Бұл облыстың денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының 53%-ы, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қормен келісімшартқа отырған медицина мекемелеріне 21,1 млрд теңге аударылды. Бұл жалпы тегін медициналық көмек аясында мемлекеттен облысқа бөлінген қаржының 53%-ын құрайды», — деді филиал директоры Гүлмира Қожаниязова.

Еске сала кетейік, жылдың басында облыстағы 62 емдеу мекемесі 39,1 млрд теңгеге халыққа медициналық қызмет көрсетуге құлшыныс білдірді. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 4,5 пайызға артық.

«Жұмыс бекітілген жоспар бойынша жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің шығындарын толық өтеп жатыр», — деді Гүлмира Баққалиқызы.

Айта кетейік, 2018 жылдан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – бұл тегін медициналық көмектің операторы және Қазақстан Үкіметі бекіткен шеңбер аясында халық үшін медициналық қызметтерді сатып алып жүр.

Ал 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енеді. Сақтандырылған адамдардың еміне кеткен шығындарын Қор өтейтін болады. Бүгінде Қорда 180 млрд теңгеге жуық қаражат жиналған.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: