Қала әкімі «ПАТП» ЖШС басшыларын жауапқа тартты

Әлеуметтік желіде лық толы автобус пен кондуктордың іс-әрекетіне қатысты шағым жарияланды. Қала әкімінің өзі осы шағымды тексерді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кеше қала тұрғыны №48 маршруттағы автобустың кондукторын бейнебаянға түсіріп, оны инстаграм әлеуметтік желісіне жариялаған.

Бейнетүсірілімде кондуктор мен тұрғынның арасында жан-жал туындаған. Онсыз да адамға толы автобуста кондуктор адамдардан ортаға қарай жылжуын сұраған.

«Қайда ысырыламыз? Оның үстіне айқайлайды. Үнемі осылай (автобус адамға толы – авт.)», — деді тұрғын.

Автобустың істен шыққан соң интервалдың кеңейгенін түсіндірген ЖШС басшылары әкімнің алдында ақталуға тырысты.

«Бүгін «ПАТП» ЖШС-не бардым. Жолаушы таситын мекеме басшыларының түсініктемелерін алдым. Оларды жауапкершілікке тартуға шешім қабылдадым. Осыған ұқсас әр оқиға біздің бақылауымызда және әр дерек бойынша нақты шешім қабылданады», — деді қала әкімі Ілияс Испанов өз парақшасында.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: