Миллион тұрғынды мақсат еткен Ақтөбеде бала туу көрсеткіші төмендеген

Ақтөбе қаласында биыл бала туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда аздап азайған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі хабарлағандай жыл басталғалы бес айдың ішінде 5369 сәби дүниеге келген. Бұл былтырғыға қарағанда 0,5 пайызға аз. Сонымен қатар, 1403 бала өлімі тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда сәбилердің өлімі, өкінішке қарай, үш пайызға артып отыр.

АХАТ қызметкерлері соңғы кезде көп қойылған есімдер қатарын да атады. Ер балалар үшін Имран, Ағлан сынды ерекше аттар қойылса, қыз балалардың арасында Хиуаз, Хадиджа, Шахрияз, Лаяна есімдері көп беріледі екен.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: