Ақтөбеде некеге тұрған жұптардың саны артқан

Қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек шаңырақ көтергендердің саны былтырғыға қарағанда көбейген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері 1380 жұп некелерін қиған. Бұл өткен жылдан он бір пайызға көп. Мамандар отбасы мәселесіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Қалада ажырасқандардың саны былтырмен салыстырғанда тоғыз пайызға көбейген. Яғни, өткен бес айдың ішінде 738 неке бұзылған. Бұл үрдіс жалғаса берсе, бала туу көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі.

«Әдетте, неке қию жаз айларында көптеп тіркеледі. Ал ажырасу деңгейі әр айда әртүрлі», — дейді АХАТ қызметкерлері.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: