52 жастағы тұрғын суицид жасамақ болды

Өзенге секіріп, өмірімен қоштаспақ болған ер адамның психологиялық ауытқуы болған деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі судан құтқару қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 11 маусым күні Елек өзенінің бойында тіркелді. Абырой болғанда құтқару қызметі ер адам суға секірген маңайда жүрген.

«Суицид жасамақ болған 1967 туылған азамат «Тарзанка» ауданынан құтқарылды. Азамат дер кезінде жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкерлері шақырылды. Ер адам жүйке ауруына шалдыққан»,-дейді ТЖД судан құтқары қызметінің жетекшісі Оксана Кичигина.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: