14 жастағы қыз ажалдан құтқарылды

Ақтөбеде Елек өзеніне батып бара жатқан қыз баланы судан құтқарушылар аман алып шықты деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға кеше түстен кейін болған.

«12 маусым күні жергілікті уақыт 16:05-те Елек өзеніндегі «Шаттық» жағажайынан жасөспірім құтқарылды. Суға батып бара жатқан баланы кезекшілікте тұрған жедел құтқару жасағы байқаған. 2005 жылы туылған бала ата-анасына табылталды»,-деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Өңірде жыл басынан бері суға кету оқиғасы тіркелмеген.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: