Қала әкімі кітапхана қорын толықтырды

Ілияс Испанов №1 кітапханаға өзі оқыған кітаптарын тапсырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Абай атындағы кітапханада 22 мыңнан астам кітап бар. Күн сайын мұнда 20-25 адам келіп, өз білімін толықтырады. Оқушылар, студенттермен қатар жоғары оқу орындарының оқытушылары да бар.

«Жылына 23 мыңнан астам адам келіп, кітап оқиды. Биыл қаланың 150 жылдығына орай өлкетану материалдарын көп іздеді. Әрі ғылыми еңбек жазатын адамдар да осы кітапханаға келеді», — деді меңгеруші Сандуғаш Амангелдина.

Қала әкімі Ілияс Испанов өзімен кездесіп, кітаптарын сыйлаған адамдардың еңбектерін бүгін кітапханаға тапсырды.

«Азаматтар келіп, өздері жазған туындыларды сыйлайды. Мәселен, таяуда мемлекет қайраткері Нұрлан Балғымбаевқа арналған тақтайша ашылды. Сол кезде кітап берген, мен оны оқырманға тапсырып отырмын. Әкімдікке берген кітаптардың бәрін оқырманы бар кітапханаға сыйлаймын. Басқа адамдар осы жолды жалғастыратынына сенемін», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Айта кетейік, тапсырылған шығармалар арасында Бауыржан Бабажанұлы, Алтай Тайжанов, Ғалымжан Байдербес, Сапар Сағынтаеваның кітаптары бар.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: