Кәріз құбырын ластап отырған мейрамхана мен базар жұмысын тоқтатады

Зертханалық-өндірістік бақылаудан соң бүгін «Урарту», «Ишхан» мейрамханасы мен Орталық базардың кәріз құбыры уақытша жабылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл 5 айда 600-ден астам сынама алынып, зиянды заттарды асыра төккен 100 мекеме анықталды. Ал 46 мекеме бір емес, бірнеше рет заңсыздыққа жол берген. Бүгін «Ақбұлақ» АҚ-ы мейрамхана мен дәмхананы, көлік жуу орны мен Орталық базардың кәріз құбырына шектеу қойды.

«Кәріз құбырына төгілетін судың зертханалық-сараптамалық қорытындысы бойынша «Урарту» мейрамханасы талаптарды сақмаған. Ескерту берілді, ережеге сәйкес өздігімен су төгуді тоқтатуы керек еді. Бірақ мейрамхана шара қолданбаған соң амалсыздан бүгін уақытша тоқтатылды», — «Ақбұлақ» АҚ-ның вице-президенті Тимур Бабанаев.

Азық-түлік мекемелері май тұтқыштарды қолдануы керек. Ал ірі тамақ өндірістері локалды тазалау құрылғыларын қондырады. Әрі уақытылы техникалық тазалау жүргізуді ұмытпауы қажет.

«Бізге катализатор қолдануға ұсынысты айтты, тапсыманы іске асырып отырмыз. Ендң қандай кемшілік кеткенін білмейміз. Бізді жапса, барлық қаладағы демалыс орнын жауып тастауы керек», — деді мейрамхана өкілі Асқар Құсманбетов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: