Ақтөбеліктерге валютаны реттеу мен бақылау заңнамасы түсіндірілді

Ұлттық Банктің Ақтөбе облыстық филиалы 1 шілдеден бастап өз күшіне енетін жаңа заңға түсінік берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін Ұлттық Банк филиалы шетелдік ұйымдарымен жұмыс істейтін ірі мекеме өкілдерін жинап, оларға «Валютаны реттеу мен бақылау туралы» жаңа заңнамасының ерекшеліктерін айтып берді.

Семинарды алғы сөзбен ашқан филиал директоры Перизат Әсімбетова валюталық заңнамада болатын негізгі өзгерістерді атады.

Шетелдік банктердегі шоттарға немесе шоттардан ақша аудару үшін есептік нөмірлерді қалай алуға болатындығы, валюталық келісімшарттар бойынша ақша қозғалысы бақыланатындығы туралы сөз қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: