Емханада екінші үйіндей жүретін тұрғындар бар – бас дәрігер

№4 емхананың бас дәрігері Мереке Маратұлы емделушілерден қандай шағым түсетінін айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Емделуші тұрғындар тек емханаға емес, облыстық денсаулық сақтау басқармасына да арыз-шағым түсіреді. Көбі дәрі-дәрмекке қатысты.

«Емделуші «бір дәріні емхана бермей отыр» деп арыз жазды. Ал ол дәрі тегін берілетін тізімде жоқ. Баламасы берілді, көңілі толмады, нақты соны сұрады. Дәрігерлерге де шағым айтатын. Кейбір тұрғын емханадан шықпайды, екінші үйі болып кеткен. Кез келген жерден ілік іздейді. Таңғы сағат 8:00-де кіріп, жұмысқа келгендей жүретін адамдар бар. Орта жастағы адамдар жиі кездеседі. Қазір адам аз, себебі бау-бақша күту уақыты басталды», — деді бас дәрігері Мереке Маратұлы.

Айта кетейік, биыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына емделушілерден төрт арыз түскен.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: