Ақтөбеде өткен жазғы универсиада ойындары қорытындыланды

Студенттер арасында өткізілген спорттық додада Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы жүлделі екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Спорттың 38 түрі бойынша еліміздің алпыстан астам жоғары оқу орындары қатысқан жазғы универсиада ойындарының жүлдегерлері анықталды. Екі жылда бір болатын байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақ Ұлттық университетінің командасы иеленсе, жүлделі екінші орынға жергілікті Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы лайық деп танылды. Ал үшінші орын Жетісу мемлекеттік университетінің командасына бұйырды.

Жеңімпаз студенттер еліміздің намысын қорғау үшін осы жылы өтетін Неаполь (Италия) қаласындағы ХХХ жазғы Бүкіләлемдік Универсиадаға жолдама алды.
Жабылу салтанатында ұйымдастырушылар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Универсиада туын табыстады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: