Жақтастар форумы өтті

«Жекпе-жек» спорт сарайында Президенттікке үміткер Қасым – Жомарт Тоқаевты қолдаған екі мыңнан астамның қатысуымен жақтастар форумы өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Форумға Ақтөбе облыстық қоғамдық штабының мүшелері, мәдениет қызметкерлері, денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар, қала жастары жиналды. Форумның ашық алаңында аймақтың танымал адамдары «Нұр Отан» партиясының кандидатурасына қолдау білдіріп, сөз сөйледі. Танымал эстрада әншілері мен музыкалық топтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастарының алдында өздерінің музыкалық шығармаларын орындады. Президенттікке үміткер К.Тоқаевтың сенім білдірген өкілдері Келдібай Еспағамбетов, Ауған соғысының ардагерлері атынан Марат Қойлыбаев және жастар атынан Нарқозы Қартжан форумға қатысушыларға құттықтау сөздерін арнап, дұрыс таңдау жасап, дауыс беруге шақырды.

«Біз ірі индустриалдық облыстардың біріміз. Өндіруші және өңдеу саласындағы ірі кәсіпорындар бүгінгі таңда дамыған және халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейді. Бұл, ең алдымен Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің бастамаңыз бен қамқорлығыңыздың арқасында. Біз Сіздің бағытыңызды қолдаймыз және Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс береміз», — деді Нарқозы Қартжан.

Мәртөк №1 орта мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Артем Райзих және Ақтөбе рельс-арқалық зауытының логистикалық бөлімінің жетекші маманы Сергей Тарасов та 9-маусым күні Қазақстанның болашағы, сабақтастық, әділдік, әрлеу үшін дауыс беруге үндеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: