Қаладағы сайлау учаскелерінде кемшіліктер анықталған

«Аманат» азаматтық платформасының мүшелері дауыс беру орындарында бірнеше тәртіп бұзушылықтарды байқаған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жүргізген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде екі учаске кабиналарында жарық пен комиссия мүшелерінің жергілікті жерлерде болмауы жағдайлары кездескен. Бақылаушылар үшін орындардың қойылмағанын да байқаған мамандар бұның барлығы жоюға болатын кемшіліктер екенін айтты.

«Бір учаскеде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус болмады. Кейбір дауыс беру кабиналарында шам қойылмаған. Аздаған кемшіліктер бар. Бірақ, бұның барлығын жоюға болады. Сайлауға аз уақыт қалғандықтан барлығымыз атсалысуымыз керек. Штаб мүшелері болып үміткерлерді аралап шықтық. Барлығының сенімді өкілдері бар. Әрқайсысы өздерінің бағдарламаларымен жұмыс жасап жатыр», — дейді «Аманат» облыстық штабы басшысының орынбасары Халел Құсайынов.

Үгіт-насихат науқанын бақылау барысында бір кандидаттың афишасын желімдеуде басқа кандидаттарға үгіт материалдарын орналастыру бойынша орын жетіспеушілігі жөнінде бір тәртіп бұзушылық анықталған.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: