Айт мерекесі басталды!

 

Ақтөбелік әкімдер мешіт жамағатын айт мерекесімен құттықтап барды деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Мұсылман қауымы үшін Ораза айт мерекесі басталды. Орталық және қала мешіттеріне арнайы барған шенеуніктер әр отбасына бақ пен береке, елге бірлік тіледі.

«Рамазан айы – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы. Оразадан соң үш күн бойы тойланатын айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке екендігі баршаңызға мәлім. Осы орайда, барша мұсылман қауымын ең қасиетті де ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам Ақтөбе жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін»,-деді «Нұр Ғасыр» мешітінде сөз сөйлеген Оңдасын Оразалин.

Ал қалалық мешітке Ілияс Испанов бас сұқты.

«Мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Ораза айтымен шын жүректен құттықтаймын! Бір ай бойы төзімділік танытып ауыз бекіткен, ықыласпен қайырымдылық жасаған пенде құрмет пен марапатқа, қуаныш пен сауапқа кенелетін сәт. Алланың амандығы мен берекетін тілеймін. Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамыз, жасаған әрбір қайырлы амалдарымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай»,-деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Айт намазынан кейін мешіт жанында үлкендер дастарханға шақырылып, жастар спорттық шарада бақ сынасып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: