Қарасораның суретімен киім сатқан кәсіпкер жазаланды

Ақтөбеде орталық базарда сатылымға қойылған киімдердің арасынан есірткі заттарын жарнамалайтын суреттер табылды деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Тиым салынған затқа ашық түрде жарнама жасады деп айыпталған кәсіпкер енді сотқа шақырылатын болады.

«Орталық базардағы сауда дөңгүршектерін тексеру барысында қарасора бейнеленген киімдер тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 423-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс құжаттары сотқа жолданатын болады»,- деп хабарлайды облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

Полицейлер психотроптық заттарды заңсыз жарнамалаудың заңмен жазаланатынын ескертеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: