Жастар «ECO Challenge» акциясына шақырады

Алдағы жексенбі жергілікті жастардың қатысуымен Сазды өзені жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шараның негізгі мақсаты – жастарды қоршаған ортаны сақтап, оның тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Жастар арасында экологиялық еріктілікті қалыптастыру.

«Жастар жылына орайластырып ұйымдастырылған бұл шара туған өңіріміз бен қаламызды көрікті етеді. Аталмыш акцияға облыстың белсенді жастары, «Жасыл ел» жасақтары, жастар ұйымдарының өкілдері, волонтерлар барлығы 150 адам қатысады деп жоспарлануда. Экологиялық жобаға барлық белсенді жастарды шақыра отыра, бұл бастама әрі қарай да өз жалғасын табады деген сенімдеміз», — дейді Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

«ECO Challenge» 26 мамыр күні сағат 10.00-де Ақтөбе қаласы 12 мөлтек ауданы Сазды өзені жағалауы маңында өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: