Сириядан оралғандардың төртеуі ақтөбелік

Жусан-2 операциясы

ҰҚК-нің «Жусан-2» арнайы операциясы кезінде Қазақстанға жеткізілгендер қатарында төрт ақтөбелік бар деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыстық сот баспасөзіне сілтеме жасап.

Олардың біреуі әйел адам. Лаңкестік топтың құрамында болған төртеуге терроризмді насихаттаған деген айып тағылды.

«Алмағамбетова Қазақстан Республикасының ҚК-нің 256 бабының 2 бөлігі, 174 бабының 1 бөлігімен, Төреханов ҚРҚК-нің 233-1 бабының 2 бөлігімен, Қуанов ҚРҚК-нің 256-бабы 2 бөлігі, 174-бабы 1 бөлігі және 257-бабы 2 бөлігімен, Сәбитұлына 256 бабы 2 бөлігі, 174 бабы 1 бөлігімен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану — негізді деп танылды»,-деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қалаға жеткізілген төртеу де тергеу изоляторында отыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: