Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спорт кешенін салуды жылдамдату керек — Шахан Жолдасбаев

І-топ мүгедегі Шахан Жолдасбаев бес ұсынысын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«20 жарқын жыл» шарасына қатысқан Шахан Жолдасбаев спортшыларды жеңіске жетелейтін ұсыныстарымен бөлісті.

«Біздің бес ұсынымызмыз бар. Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі спортшыларды қолдау, ынталандыру. Екіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт кешенінің құрылысын жеделдету, үшіншіден арбаға таңылған спортшыларды тасымалдау үшін шағын автобус сұраймыз», — деді спортшы Шахан Жолдасбаев.

Сонымен қатар Арбадағы би, пауэрлифтинг, волейбол, жеңіл атлетика секілді спорттың бірнеше түрінен жаттықтырушыларды арттыруды және қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді ұсынды.

Шахан Жолдасбаев Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының 20 жылдығына орай Құралай Байменова мен облыс әкімі Оңдасын Оразалинге «Ақтөбе облысының құрметті спортшысы» медалін табыс етті.

Айта кетейік, Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Қазақстанның 38 спорт шебері бар. Ал спорт клубы 5 жыл бұрын құрылды. Оны Ақтөбе облысының әкімдігі мен Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы қолдап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: