Инспектордың телефонына бірлік салған тұрғын қамауға алынды

Көрнекі фото

Ақтөбелік тұрғын бір мың теңге үшін айыппұл төлеп, бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері инспекторға заңсыз материалдық сыйақы берген тұрғынның қалай жазаланғанын айтып берді.

«Жақында шектеулі жазамен сотталып, пробация қызметі есебінде бостандықта жүрген азамат қамауға алынды. Тұрғын бейімдеу орталығына келмегені үшін қылмыстық атқару жүйесі департаменті инспекторының ұялы телефонына бір мың теңге көлемінде бірлік салған. ӘҚБтК-нің 676 бабымен құқық бұзушылықты жасағаны және пробация бақылау тәртібін бұзғаны үшін сот шешімімен 505 000 теңге айыппұл салынып, бостандықта жүрген жерінен қамалды» -деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Медетов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: