Алыс елдімекендерде зейнетақы қорының қызметін алуға болады

Ақтөбе облысының 12 елдімекенінде «БЖЗҚ» өз қызметтерін «Қазпошта» арқылы көрсете бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» шалғай жатқан ауылдың тұрғындарына да қызмет көрсетіп жатыр. Ақтөбе облысы бойынша 4 ауыл және Ақтөбе қаласына қарасты 8 елдімекенде «БЖЗҚ» қызметтерін алуға болады.

Олар: Кеңкияқ, Шұбарши, Бестамақ, Хлебодаровка ауылдары және Зарченый, Заречный-4, Сазды, Қурайлы, Кірпішті, Жаңақоныс, Пригородный, Кеңес Нокин елдімекендері.

«Бұл елдімекендердің тұрғындары қалаға немесе облыс орталығына бармай-ақ салымшы мәліметтерін өзгертуге, толықтыруға өтініш бере алады», — деді «БЖЗҚ» Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Эльмира Талаева.

«БЖЗҚ» жоспарында елдің басқа да шалғай аудандарын «Қазпошта» бөлімшелері арқылы зейнетақы қызметімен қамту көзделген.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: