Қаланың ескі бөлігінде бір ауладағы екі үй жанып кетті

Көрнекі фото

Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кеше Ақтөбе қаласындағы Екпінді 40 мекенжайында жеке баспана мен салынып жатқан екі қабатты үй өртеніп кетті.

«Оқиға орнына 39 адам мен 7 техника бағытталды. Сағат 14.44-те өрт тұйықталып 14.53-те сөндірілді. Жалпы 117 ш.м. аумақты қамтыды. Қазіргі таңда оттың шығу себептері мен келтірілген шығындар анықталуда», — дейді ТЖД Ақтөбе облысы бойынша баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілердің жұмысының нәтижесінде жапсарлас орналасқан көрші екі үй тілсіз жаудан құтқарылды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: