Фармация департаменті дәрі сату мәселесі бойынша түсіндірме берді

Дәрілік препараттарды рецепсіз сатуды мамандар адам денсаулығына төнетін қауіптің алдын-алу екенін ескертті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Республика көлемінде жеті мыңнан артық дәрілік заттар тіркелген. Соның 6033-і рецеппен жіберілетін болса, қалған 1579 дәрі рецепсіз сатылады. Дәрігердің рецепті бойынша дәрумендер, мұрынға арналған тамшылар, сироптар, шөптен жасалған шәй, суық тиюге арналған және ауруды басатын кейбір препараттар. Рецепт бойынша сатылатын дәрілік заттардың қатарына микробқа қарсы және горманальдық препараттар, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар дәрілер, жүрек-қан тамыр ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектер, асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеуге арналған дәрілік заттарды жатқызуға болады.

«Рецепсіз сату жаңадан шыққан заң емес, ол бұрынна бар. Бұл азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін дәрілік заттарды бақылаусыз қолдануға жол бермеуге бағытталған жүйе және дәрігердің рұқсатынсыз өзіне-өзі ем қабылдауды тоқтату үшін жасалып жатырған шаралар. Рецепті дұрыс жазбаған кездеде дәрігерге айыппұл салынады. Дұрыс толтырмаса 5 АЕК көлемінде, жаупты тұлға болса 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып әкімшілік іс қозғалады. Екінші рет қайталанып жатса маман сертификаты тоқтатылады», — дейді фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Ринат Құбатаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: