Емханаға заңсыз тіркеу қатаң жазаланатын болады

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов жалған құжат тапсырғандары үшін емханаларға айыппұлдар салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Aktobenew.kz тілшісі.

Айбатыр Жұмағұлов ақтөбелік дәрігерлерге талап күшейтілетінін ескертті. Оның айтуынша, былтыр Қор емдеу мекемелерінен 500 мыңға жуық кемшілік анықтаған. Соның нәтижесінде 6,3 млрд теңге кері қайтарылып, қаржыға зәру медициналық қызметтерге бағытталды.

«Медициналық қызметтің сапасын ғана бақылап қоймаймыз, сондай-ақ заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда айыппұл мөлшерінің ұлғаятынын ескертемін. Тұрғынның рұқсатынсыз оны емханаға заңсыз тіркесе, шығынның 100 пайызы көлемінде айыппұл салынады», — деді Айбатыр Жұмағұлов.

Айта кетейік, кеше 22 мамыр күні Ақтөбеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда медицина саласын дамыту мәселелері қаралды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: