Аукционда оқушылардың картиналары сатылды

Өнер орталығында өткен аукционда 300 мың теңгеден астам ақша жиналды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қалалық көркемсурет лицейі, қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі мен «Ақжелкен» аула клубы, балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық орталығының туындылары аукуионға қойылды. Онда 10-нан астам картина сатылды.

«Қалада түрлі қиындыққа тап болған отбасы, азаматтар бар. Соларға ел болып көмек көрсету керек. Бұл аукцион көп істің бір бөлігі. Қатысып, үлес қосқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Аукцион кезінде жүннен жасалған ең қымбат картинаны «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы 55 мың теңгеге сатып алды. Қала әкімі Айгүл Арынғазиева қазақы үлгідегі картинаны таңдады.

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына қатысып, балалардың еңбегін бағаладық. Сатып алған туындыны жұмыс кабинетіне іліп қоямыз. Әр адам жақсы іс жасап, жиі қайырымдылық көрсетуі тиіс», — деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірдік мемлекеттік университетінің проректоры Нұржан Бердібаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: