Сапалы білім қолжетімді болуы тиіс – Президент

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Президент Қасым – Жомарт Тоқаев өңір басшысына бірқатар тапсырма жүктеді. Соның бірі – білім сапасы, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келіп, Аққағаз Досжанова атындағы конгресс холлда өңір жұртшылығымен кездесті. Кездесу кезінде облыс әкімдігіне бірқатар тапсырма жүктеді.

«Сапалы білім қолжетімді болуы тиіс. Біз ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасына баса мән береміз. Алшақтықты түбегейлі жою үшін қажетті шаралар қабылдаймыз. 2022 жылға дейін апатты жағдайдағы және үшауысымды мектептер мәселесін толық шешеміз. Ақтөбе облысында 13 үшауысымда және 3 апатты жағдайдағы мектеп бар. Балабақшалар саны әлі де аз. Ақтөбе қаласының өзінде 26 мың бала кезекте тұр. Облыс әкіміне осы мәселелер бойынша нақты ұсыныстар дайындауды тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жастардың кәсіптік, техникалық және жоғары білім алуына жағдай жасалады. Сол себепті жастардың білім алуына, кәсіби біліктілігін арттыруға баса назар аударылып отыр. Алдағы 5 жылда білім және ғылым саласына жұмсалатын қаржы ІЖӨ-нің 5 пайызына дейін өседі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: