Қасым-Жомарт Тоқаев: Ақтөбе облысы ел дамуына айрықша үлес қосып отырған аймақ

Мемлекет басшысы ақтөбеліктермен кездесуінде өңірдегі атқарылып жатырған шараларға жоғары баға берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгінде Ақтөбе облысы еліміздегі маңызды индустриялды аймақ. Тоғыз жолдың торабында тұрған өлкенің өндірістік логистикалық және транзиттік әлеуеті зор. Өңір жүзден аса мемлекетпен тұрақты сауда-саттық орнатқан. Бұдан басқа жүзге жуық кәсіпорын іске қосылып, жұмыс орындары ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жасалып жатқан жұмыстарды жоғарғы бағалап, қарқынды жоғалтпауды тапсырды.

«Аймақта «Туған жер» бағдарламасы аясында 1400-ден аса жоба жүзеге асырылды. Бұдан бөлек шетелдік инвесторлар өңірге әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне атсалысуда. Мұз сарайы, өнер орталықтары, теннис орталығы, жедел-жедел станциясы облыс тұрғындарының өмір сапасына оң ықпал еткен жобалар. Ақтөбе облысы ел дамуына айрықша үлес қосып отырған аймақ. Дамуға барлық мүмкіндіктер бар. Басты мақсат — осы қарқынды жоғалтпай әлеуметтік-экономикалық үлесті арттыру. Негізгі міндетіміз халықтың өмір сапасын жақсарту. Сондықтан азаматтарға қажетті жағдай жасау барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың міндетіне айналуы тиіс», — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: