Президент: Ана мен бала өлімі азаймай тұр

Мемлекет басшысы халықаралық медициналық форум барысында халықтың әлі де дәрігерлергі сенбейтініне алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Бүгінде республикалық клиникалар бұрын тек шетелде ғана жаласатын күрделі оталарды орындауда. Алайда азаматтарымыздың тең жартысына жуығы отандық медицинаның сапасына әлі де көңілдері толмайды. Ана мен бала өлімі әлі де азаймай тұр. Соған байланысты біз денсаулық сақтау саласының сапасын жақсартып, жұмсалатын шығындарды жалпы ішкі өнімдің 5 пайызына дейін ұлғайту міндеті қойылды. Бұл Елбасының бастамасы болған еді. Басты мақсат – медициналық қызметтердің сапасын арттырып, халыққа қолжетімді ету. Сол себерді біз денсаулық сақтау саласындағы бірқатар маңызды мәселеге назар аударамыз»,-деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы денсаулық саласындағы жетістіктерге де тоқталып кетті.

«Сіздерді халық ақ халатты абзал жандар деп құрметтейді, әрбір адамды дүниеге келгеннен бастап өмір бойы қадағалап, емдеу сіздердің кәсіби міндеттеріңіз. Сондықтан азаматтарымыздың салауатты өмір сүріп, ұзақ ғұмыр кешуіне медицина қызметкерлерінің сіңіретін еңбегі орасан зор. Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында еліміздің медициналық-демографиялық ахуалы жақсаруда. Азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы 6 жылға өсті. Сала инфрақұрылымы айтарлықтай жаңарды. 219 жаңа аурухана, 1200-ге жуық жаңа замануи емхана мен амбулатория салынды. Біз бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгіздік. Енді әр емделуші клиника мен дәрігерді өзі таңдайды. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған адамдар саны 14 пайызға өсті. 2018 жылы 3,6 миллион адамға осындай көмек көрсетілді»,-деді Президент.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: