Дәрі-дәрмек қымбат

 

Ел дәрігерлерінің басын Ақтөбеде қосқан Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмек бағасына талдама жасауды тапсырды деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Кейде нарықта бәсекелестік болмай, азаматтар белгілі бір дәрі-дәрмекті қымбатқа сатып алады. Бұл әділ емес. Дәрі-дәрмек қатаң бақылауда болуы керек. Таяуда арнайы комитет құрылды. Сондықтан азаматтардың арыз-шағымы мен сұрақтары бірыңғай жүйеде қаралуы тиіс»,-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы денсаулық саласы басшыларына аурудың алдын алу жұмыстарына көңіл бөлінді міндеттеді. Келтірілген деректерде денсаулық саласына бөлінген барлық қаржының тек 4 пайызы ғана оңалту жұмыстарына кеткен. Президент алдағы жылдары алғашқы медициналық көмекті күшейтіп, жалпы қаржының 60 пайызын осы бағытқа жұмсаудың орынды екенін атады.

«Медициналық қызмет сапасы мен медициналық-санитарлық көмекке баса назар аудару керек. Сапалы медициналық қызмет кез келген адамға қолжетімді болуға тиіс. Ауылға баратын мобильді дәрігер жүйесін қосып, телемедицина, дистанциялық қызметті жандандырамыз. Қазір жылжымалы медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Осы мақсатқа 2022 жылға дейін 27 миллиард теңге республикалық бюджеттен бөлінеді. Бұл аз ақша емес. Сондықтан әр теңге бақылауда болып, халық игілігі үшін жұмсалуы керек. Алғашқы медициналық көмекті жетілдіру керек. Үкімет мен өңірлердегі әкімдерге жұмысты жүйелеуді тапсырамын»,-деді Тоқаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: