Республикалық «Рамазан керуені» эсафетасы Ақтөбеде жалғасты

Қайырымдылық эстафетасы барысында 120 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Елордамыздағы «Әзірет Сұлтан» мешітінен бастау алған «Рамазан керуені» Ақтөбе өңірінде жалғасын тапты. Игілікті шарада жеке кәсіпкер Ардақ Садақбайұлы тағы бір сәт жомарттығын танытты. Бірнеше күн бұрын 40 адамға миллион теңге үлестірген кәсіпкер енді 120 отбасыға азық-түлік алуға демеушілік жасады. Сауапты іске атсалысуға ниет еткен отызға жуық автокөлік жүргізушілері алдын-ала жасалған тізім бойынша азық-түлікті мұқтаж отбасылардың үйіне жеткізіп берді.

«Нұр-Сұлтан өкілдігінен «Рамазан керуені» қайырымдылық эстафетасын Ақтөбе өкілдігі қабылдап, еліміздің басқа облыстарына жолдайды. Барша кәсіпкер, жомарт азаматтарды қасиетті айда жақсылық жасауға шақырамыз. Елордамыздан басталып, Ақтөбеде жалғасқан «Рамазан керуені» өзге өңірлерге сәтімен жол тартады деген ниеттеміз. Демеушілік танытып жатқан Ардақ Садақбайұлының зекеті қабыл болсын», — деді облыстың бас имамы Төлеби Оспан.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: