Рамазан айында «Харекет» қоры тағы бір ақтөбелікке баспана сыйлады

Жаңа қоныс иелеріне үйдің кілтін танымал әнші Мақпал Жүнісова тапсырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«1000 теңгемен баспана» ұранымен жұмыс жасап келе жатқан қор ұжымы республика бойынша 97-ші пәтерді сыйлады. Ораза кезеңінде кезекті баспана Ақтөбе облысы Шұбаршы қаласының тұрғыны І-ші топтағы мүгедек Темірлан Раманкуловқа бұйырды. Ол мүмкіндігі шектеулі болса да үш перзентке қамқор болып отырған әке.

Өңірде беріліп жатқан тоғызыншы баспананың кілтін эстрада жұлдызы, танымал әнші Мақпал Жүнісова табыстады. Ол өз сөзінде барша ақтөбеліктерді қайырымды іске атсалысуға шақырды.
Екі бөлмелі пәтер Қандыағаш қаласынан берілді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: