Ақтөбедегі еңбек жасақтарының жаңа маусымы басталды

Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасағының ХV-ші еңбек маусымы ашылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тішісі.

Жасақ жауынгерлерімен кездесуге облыс әкімі Оңдасын Оразалин келіп жастармен пікір алмасып, сәттілік тіледі. Жыл сайын жұмысқа тартылатындардың санының өсуі байқалады. Биылғы еңбек маусымында 5,5 мың жас жұмыспен қамтылады. Сондықтан облыс әкімдігі тарапынан жауынгерлердің алаңсыз жұмыс жасауына барлық жағдай жасалатын болады.

«Ақтөбе облысының штабы жауынгерлер саны жағынан, жалақы төлеу, ұйымдастыру жағынан республика бойынша ең алдыңғы орында. Біз елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын мәңгілік жасыл елге айналдырумыз керек. Ақтөбелік әрбір жасыл елдік сарбаздың ұраны бұл», — дейді Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: