Облыстық мешітте 40 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді

Құлшылық үйінде әрбір мұқтаж отбасыға 25 000 теңгеден қаржылай үлестіріліп жалпы саны миллион теңгеге қайырымдылық шарасы жасалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Игілікті шараның ашылуында сөз алған өкіл имам жиналған жандарға рамазан айының қадір-қасиетін түсіндіріп, осы айда жасалатын қайырымдылық пен жақсылықтың сауабы мол болатынын айтты. Демеушілік көрсетіп зекетін беріп жатқан кәсіпкер Ардақ Садақбайұлына үлкен алғысын білдіріп, кәсібіне береке тіледі.

«Рамазан айында амалдардың сауабы еселенеді. Сол себепті, дәулетті адамдар ораза айында зекет беруге асығады. Ал, зекет — табысты берекелендіреді. Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатқан Ардақ Садақбайұлына рахметімді айтамын. Қасиетті айда миллион теңгені зекет ретінде таратуы – жомарттығы және Жаратушының әміріне бағынуы деп білеміз. Біз басқа да кәсіпкер азаматтарды осындай сауапты іске атсалысуға шақырамыз», — деді ол.

Жексенбі күні жомарт жанның қолдауымен тағы 100 отбасына азық-түлік тарату жоспарлануда.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: