Ырғыздық кәсіпкер ауылдасына пәтер сыйлады

Аудандағы үлкен игі істерге демеушілік танытып жүрген кәсіпкер Зайда Орақова басқаларға үлгі боларлық іс жасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ырғыз ауданы Құтикөл ауылының тұрғыны Зайда Орақова өз саласында үздік қызмет жасап, қоғамға сіңген еңбегі үшін «Жыл адамы» да атанды. Аудандағы қайырымды істердің басында жүрген жомарт жан өзіне адал қызмет етіп жүрген көп балалы ана Айнаш Талмурзинаға бес бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

«Бұл үйді бірнеше жылдар бұрын көшіп бара жатқан ауыл тұрғынынан сатып алған болатынмын. Бес бөлмелі кең үй. Мектепке де жақын, мал ұстауға да қолайлы. Көктем уақытында ой келді. Дүкенімде Айзат есімді келіншек сатушы болып жұмыс жасайды. Көп балалы ана, бір жағынан өздерінің үйлері тарлау. Көп жылдан бері адал қызмет жасап, кәсібімнің жүруіне үлес қосты. Өз адамымдай болып кеткесін осы үйді сол кісіге сыйға тартқым келді. Қалып қойған капитализимнің заңы бойынша қожайынына адал қызметкерді қожайыны бағалау керек Еңбегі сіңген жандарды құрметтеуіміз керек», — дейді кәсіпкер Зайда Орақова.

Пікір қалдырыңыз