Цифрлық қауіпсіздік тақырыбында offline-курс өтеді

Ақтөбенің блогерлері мен журналистері цифрлық қауіпсіздік тақырыбында өтетін курсқа қатыса алады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Іс-шара 24 мамырда Ақтөбе қаласында болады. Бұл курста кибер-қауіпсіздік пен цифрлық гигиена, ақпарат дереккөздерімен жұмыс істеу мен фактчекинг, интернетті заңнамаға сәйкес реттеу мәселелері қозғалады.

Семинарға қатысу үшін 22 мамырға дейін mediastana@gmail.com поштасына еркін үлгіде өтініш жазу керек. Барлық сұрақтар бойынша 8701 147 8778 нөміріне хабарласуға болады.

Пікір қалдырыңыз