Ақтөбелік спортшы тағы бір сәт әлем чемпионы атағын қорғайды

ММА спорт түрінен былтыр әлем чемпионы атанған Бағдат Жұбаныш биыл тағы да жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бағдат жақында Тайланд елінде өткен Азия біріншілігінде алтын тағып, әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан құрамасында бірінші номерде өнер көрсеткен жас спортшы 2017 жылы «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен де әлемдік аренаны бағындырған болатын. 52,2 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Бағдат өткен жарыс жайлы ой бөлісті.

«Былтырғы жылы ММА-ден әлем чемпионы болдым. Сондықтанда биылғы бірінші кездесуім бос өтті. Екінші кездесуім Тайланд елінің спортшысымен болып қылғындыру әдісімен жеңдім. Финалда Қазақстанның спортшысымен кездесіп оныда қылғындыру әдісімен жеңіп уақытынан бұрын аяқтадым. Жарыс өте жақсы, олимпиадалық деңгейде өтті десем болады. Себебі, әрбір спортшыға жағдай жасалды. Бұйырса осы спорт түрінен тағы да әлем чемпионы болып өз атымды қорғап қалғым келеді», — дейді ол.

Қазіргі таңда жас спортшы Европа біріншілігіне дайындалып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: