Ақтөбеге келушілерден гөрі кеткендер көп

Жыл басынан бері басқа мемлекеттерден Ақтөбе облысына 10 адам көшіп келген, 376 ақтөбелік шетелге көшіп кеткен, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Қазір облыс тұрғындарының жалпы саны 871,8 мың адамды құрап отыр. 2019 жылдың басымен салыстырғанда 2,2 мың адамға көбейген.

Дегенмен шетелге көшіп жатқан ақтөбеліктер де аз емес. Биыл 376 адам шетелге қоныс аударған. Оның 97 пайызы – славян ұлтының өкілдері.

Сондай-ақ, өңіраралық көші-қон мәселесінде де кері сальдо байқалады. Өзге облыстардан 1471 адам көшіп келсе, 2041 ақтөбелік басқа өңірлерге қоныс тепкен.

Пікір қалдырыңыз