Әкесінің көлігімен автобусты түйген оқушы ауруханада жатыр

Көрнекі фото

Ақтөбе кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қаланың қақ ортасында жол көлік оқиғасын жасады. Оқушының ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылып жатыр.

«Оқиға 14 мамыр күні Әбілқайырхан көшесінде тіркелді. Төрт автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына кәмелеттік жасқа томаған жүргізушінің қатысы бар. «Toyota Camry» көлігін құжатсыз басқарған. Жол оқиғасынан екі адам зардап шекті. Оқиғаға қатысты 610 баппен әкімшілік іс қозғалды»,- деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.

Анасы баласының аман қалғанына шүкір етіп отыр. Олар 800 долларға бағаланған автобус шығынын толықтай өтеген.

«Балам 11 сыныпта оқиды. Жолдасым ұйықтап жатқан кезде машинаны айдап кетіп тұр. Жасөспірім жастағы баламның бұл әрекетін түсіндіріп бере алмаймын. Мешіттің алдында келе жатқан кезде алдынан шыққан көлік соғып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан автобуспен түйіскен. Балам сол жерде есін жолғалды. Баламның көлікті рұқсатсыз айдағаны дұрыс емес. Ол жағын біз мойындаймыз. Осы жағдай басқа балаларға сабақ болса екен. Қате аяқ астынан»,-дейді мектеп оқушысының анасы Айман Әшірбекова.

Жағдайды естіген оқушының ұстаздары да күнде аурухана жағалап жүр.

«Оқушымыз біздің мектепте 5 сыныптан бері оқиды. Бұл жағдай сабақтан кейін болып тұр. Бала әкесінің машинасын айдап кеткен. Естіген бойда бірден мектеп басшылығымен бірге ауруханаға бардық. Баламыздың еш оғаш қылығы жоқ, сабақ үлгерімі орташа. Дәрігерлер он күн ішінде ауруханадан шығаратындарын айтты»,-дейді сынып жетекшісі Гүлсім Амантаева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: