Вирустың анадан балаға берілуі биылдыққа тіркелмеген

АИТВ жұқпасы жастар арасында көп анықталуда. Облыс бойынша инфекциялық вирустың бұл түрін 386 адам жұқтырған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда АИТВ жұқпасы жастар арасында анықталуда. Соның ішінде жыныстық жолмен берілудің үрдісі жалғасуда. Облыстағы медициналық мекемелердің атқарған жұмыстарының нәтижесінде вирустың анадан балаға берілуі биылдыққа тіркелмеген.

«АИТВ жұқпасын толық емдеп шықпасақта арнайы емі бар. Осы вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер адамның өмірін ұзартады, денсаулығын жақсартуға мүмкіндіктер қалыптастырады. АИТВ жұқпасының эпидемиялық жағдайы облыс бойынша тұрақты. Негізі жыныстық қатынас арқылы, қан арқылы және анадан балаға беру арқылы жұғады. Облыс бойынша жыныстық қатынас арқылы жұғу көбейіп бара жатыр. Бізде емдеу және берілетін дәрі-дәрмектер тегін», — дейді облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: