Қала басшысы кесілген ағаштардың себебін түсіндірді

 

Жаңадан салынып жатқан саябақ маңындағы ағаштардың кесілуі туралы білікті мамандар да пікірін білдірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін қала басшысы аталмыш мәселе бойынша құрылыс алаңында журналистермен кездесті. Жағдайдың күрделі емес екенін түсіндіріп, жаңа көшеттер 3-4 жылда жайқалып шығатын айтты.

«Ағаштардың кесілуі жөнінде білікті мамандармен ақылдастық. Қарағаштан да басқа теректің түрлерін егу керекпіз. Жоспар бойынша 3-4 жылда жаңадан отырғызылған көшеттер жайқалып өседі. Дұрыс егілмей, қурап қалған жағдайда мердігер компаниядан қабылдай алмаймыз», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Орман шаруашылығында ұзақ жылдар еңбек етіп, ғылыми кандидаттық қорғаған Мұрат Дәлелұлы қарағаштардың кесілуін дұрыс деп тапты.

«Әкімдіктің жасалып жатқан жұмысы дұрыс. Қазір уақытша қиыншылықтар болып жатыр. Уақыт өте 2-3 жылда жапырақтарын жіберіп қатарына келеді. Бұл жердегі қарағаштар 60 жыл бұрын егілді. Осы уақыт аралығанда бұл теректің өркендеуі тоқтайды. Басында қаланы қардан, құмнан қорғау үшін отырғызылды. Енді тұрғындардың тұрақты демалуы мақсатында саябақ салынып жатыр. Дұрыс жасамаған жерлер болып жатыр. Құнары жоқ жер болғасын тыңайтқыштар төкпесе жердің астындағы тұз жас көшетті сорып өлтіріп тастайды. Шырша көшеттерін басында байлап суарып отырғызу керек еді. Бұлар олай жасамаған», — дейді Қазақ Ғылыми зерттеу институты Батыс Қазақстан филиалының директоры Мұрат Өтесқалиев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: