Отбасын сақтау орталығы ашылды

«Анаға тағзымда» Отбасын сақтау орталығы ашылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өткен жылы Жоғары соттың бастамасымен Отбасылық сот жобасы іске қосылды. Ақтөбе қалалық соты мен қалалық әкімдік ажырасуға арыз түсіргендерді татуластыру мақсатында Отбасын сақтау орталығын ашты.

«Қоғам қайраткерлері, көпбалалы аналар мен еңбек ардагерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер орталықтың жұмысына көмектеседі. Психологтардан кеңес алуға мүмкіндік жасалған», — деді Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер істері комиссиясының хатшысы Ақмарал Хон.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2019 жылдың төрт айында 1200-ден астам отбасы ажырасуға арыз берген. Олардың 500-ден астамы татуласты.

«Зорлық-зомбылық, тұрмыс тауқыметі, тараптардың бірінің ішімдікке әуестігі мен есірткіге, құмар ойынға салыну неке бұзу арыздарын арттырды. Яғни, ойынқұмарлар несие алып, қарыз болады. Сол кезде әйелдері шыдамай, ажырасуды қалайды. Арада бала болмаса, еңбекақы ала алмаса да екі адам бір-біріне шыдамайды», — Ақтөбе қалалық сотының судьясы Айгүл Абдуллина.

Пікір қалдырыңыз