Бос пәтерлерді брондау 31-іне дейін жалғасады

14 мамырда «Нұр Ақтөбе» ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы берілетін үйлерден бос пәтерлерді брондау басталды. Тұрғындар 31-мамырға дейін өздеріне ұнаған бос пәтерді таңдап, таза әрлеудегі баспаналарға қол жеткізе алады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бизнесті дамыту бөлімінің 1-санатты маманы Мақсат Зайтовтың айтуынша, барлығы 604 пәтер бар.

— Брондау «Нұр Ақтөбедегі» 3 шағын аудандағы №10 үй, №12 үй, №17 үйлердегі пәтерлер бойынша жүргізіледі. 1 бөлмелі пәтердің ең үлкен ауданы — 52 шаршы метр, бағасы 6 288 000 теңгеге дейін, 2 бөлмелі пәтердің ең үлкен ауданы — 68 шаршы метр, бағасы — 9 113 850 теңгеге дейін, 3 бөлмелі пәтердің ең үлкен ауданы — 92 шаршы метр, бағасы 11 973 000 теңгеге дейін. Бұл үш үйде барлығы 276 — бір бөлмелі, 225 — екі бөлмелі және 103 — үш бөлмелі пәтерлер бар. Барлығы 604 пәтер! Алғашқы жарна 20% дан басталады және несие бойынша жылдық мөлшерлеме — 5 пайыз, — дейді ол.

Пәтерлерді брондау үшін банкте жинақ шотыңыз болуы керек. Брондау конкурссыз жүргізіледі, яғни, салымшылар өзіне ұнаған пәтерді таңдау үшін банкке келіп, өтініш береді.

Пікір қалдырыңыз