Ақтөбелік спортшылар MMA-ден әлем чемпионатына жолдама алды

Жақында ғана Азия біріншілігінде жүлдегер атанған үш спортшымыз әлем чемпинатына қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

ММА спорт түрінен Тайландтың Банкгок қаласында Азия біріншілігі өтті. Байрақты бәсекеде 16 елден 90-ға жуық таңдаулы жекпе-жек шеберлері қатысты. Ел құрамасында болған облыстың үш спортшысы екі алтын, бір күміс алып жеңістерін еселеді. Енді әлем чемпионатында бақтарын сынайтын болады.

«Азия біріншілігінң алдында екі жеті Алматы қаласында спорттық жиында болды. Жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Біздің облыстан қатысқан 52 кг салмақ бойынша Бағдат Жұбаныш алтын, 77 кг бойынша Айдын Төлепбаев алтын, 61 кг салмақта Дастан Аманкелді күміс алып қуантты. Басқа өңірлерге қарағанда Қазақстан құрама командасында облысымыз бірінші орында. Әлем чемпионатының алдында жаз мезгілінде Италия елінде Европа чемпионаты болады. Ол жаққа да үш спортшымыз қатысады. Содан кейін қараша айында Бахрейнде өтетін әлем біріншілігіне дайындаламыз», — дейді Ақтөбе облысы бойынша MMA-ден аға жаттықтырушы Азамат Марқабаев.

Пікір қалдырыңыз