Шри-Ланкада әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмыс істемей тұр

Үкімет Facebook, Snapchat, Instagram, YouTube және WhatsApp бағдарламаларын уақытша бұғаттап тастады, деп хабарлайды 24.kz.

Өйткені елде сәуір айындағы терактіден соң қылмыстар саны күрт өскен. Азаматтар әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратып, дінаралық жанжалдар тудырған. Халықты ереуілге шақырған. Салдарынан полиция қызметкерлері дүкенге шабуыл жасаған бір топ адамды тұтқындады. Елдің төрт облысында коменданттық сағат енгізілді.

Айта кетейік, елдегі наразылық шаралары салдарынан 250 адам қаза тапқан болатын.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: