Ормандағы ағаштарды кесу жалғасады

Ақтөбеде орман алқабындағы қураған ағаштарды кесу жұмысы жалғасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Орман алқабын сақтап қалу, ағаштарды жасарту үшін өткен жылы 874 гектар аумақта өңдеу жүрді.

«Ақтөбе облысы бойынша 215 мың гектардан астам мемлекеттік орман қоры бар. Оның 48 777 гектарына ағаш егілген. Біз жыл сайын ағашты жасартамыз. Ағаш отырғызу, кесу кезінде арнайы мамандандырылған мекеменің рұқсатын аламыз. Тек ауруға бейім, зиянкестермен зақымдалғанын ағаштарды кесуге рұқсат бар. Әрі жасы мен биіктігіне де қарайды. Өткен жылы 874 гектар, биыл 820 га аумақта ағаш кесу, жаңарту жүреді», — деді Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғабит Қылышбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: