«Нұр ғасыр» мешітіне 60 аса ақтөбелік ана садақа берді

Қасиетті Рамазан айында кеше көпбалалы аналар ұйымдастырған ауызашар дастарханына жергілікті билік өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Аktobenews.kz тілшісі.

Қасиетті Рамазан айында көпбалалы аналар ұйымдастырған ауызашар дастарханына жергілікті билік өкілдері де қатысты. Енелерімен бірге тұратын шенеуніктер жас келіншектерге ақыл-кеңестерін айтып, шеберлік сабағын өткізді.

«Аналар, осылай ауызбіршілігіміз әрқашан мол, қойған мақсатымыз дұрыс болсын. Сіз бен біз болып тәрбиені қолға алсақ, қоғам дұрыс болады. Қыздар, отбасында шыдамды болу керек. Сіздер бәрін үйлестірушісіздер. Мен өзім 40 жылдан бері енеммен тұрамын. Отбасындағы ауызбіршілікті сақтап қалу сіздердің қолдарыңызда. Кешірімді болайық. Өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Бейбіт елдегі бақытты отбасын құру сіздердің қолдарыңызда. Қазақ халқында ауызбіршілік деген сөз бар. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін тоқтамды болайық»,-деді қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова.

Аналардың ұйымдастыруымен өткен садақа мешіт асханасында өтті. Олар алған атаулы көмектерінен жырып, тірідей жанып кеткен бес бүлдіршіннің әруағына құран бағыштады.

«Мен де бес баланың анасымын. Сол оқиғаны естігенде жүрегімді біреу жұлып алғандай болды. Астанада болған жағдайдан кейін елімізде көпбалалы ана мәселесі қаралды. Сол себепті атаулы көмекті алған кезде аналар болып, құран бағыштау туралы ұсыныс жасалды. Бәрі де бірден қолдады»,-дейді көпбалалы ана Гауһар Мұсаева.

Пікір қалдырыңыз