Автобус аударылып, екі адам ауруханаға түсті

Көрнекі фото

Ақтөбеде №43 автобус аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы кезінде екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы барып, жолаушыларға көмек көрсеткен. Зардап шеккен адамдар жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру басталды. Автобус ішінде жүргізуші, кондуктор және төрт жолаушы болды. Екі жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті. Алдын ала белгілі болғаны, ГАЗель көлігі автобусқа соқтығысып, қоғамдық көлік аударылған», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: