Ақтөбеде Беларусь лифтісі орнатылады

Қалада көпқабатты үйлердегі тозығы жеткен лифтер жаңартылып жатыр. Бүгінгі күні қала бойынша 300-ден аса тұрғын үйде 829 лифт бар. Оның 277-сі ескі. Жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандар жаңа лифт жабдықтарының Беларуссиядан әкелінетінін хабарлайды.

«Қазір үш бірдей көпқабатты тұрғын үйде лифт жабындысын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті бюджеттен 125 млн теңге қаражат бөлінді. Оған жобамен 18-20 лифтіні жаңарту көзделіп отыр. Беларуссиядан жабдықтар күтілуде.

Келесі аптада жұмыстар басталады»,- дейді қалалық тұрғын үй қатынастар бөлімінің бас маманы Асхат Дошкенов.
Мамандар тұрғындардың лифт жаңарту жұмыстарына төлемнің терможаңғырту арқылы жүзеге асатынан айтады.

«Жаңарту жұмыстары мемлекет тарапынан қаржыландырып, пайыссыз несие ретінде қайтарылады. Мәселен, 7 миллион теңгеге шыққан лифтіні тұрғындар 5-7 жыл ішінде бөліп төлей алады. Өткен жылы қайғылы жағдай тіркелген 12 мөлтек ауданындағы №19 үйдің барлық лифтісі биыл ауыстырылады»,-дейді Асхат Дошкенов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: